1. Жалпы ережелері
Осы мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие құрамында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) тәрбиенің Концептуалдық негіздеріне, мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие құрамында қалыптастыру Бағдарламасына сәйкес әзірленіп, жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс шараларын қамтыған тәрбие жұмысын жүргізу ретін анықтайды.
2.Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
2.Осы Бағдарламаның мақсаты жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастырып дамыту.
3. Нұсқалған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады:
1) рухани-игіліктілік пен азаматтық- патриоттықты тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
2) білім алушылардың мемлекеттік үкімет институттарына сенімін арттыру;
3) білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
4) білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипаттыигілікті-әдептік құндылықтарын қалыатастыру.
4.Кешенді ісшараларды өткізу үшін келесі тәрбие түрлері пайдаланылады:
1) адамгершілік тәрбиесі моральдық-әдептілікті, әр оқушының жемқорлыққа шыдамсыздығын қалыптастыруға бағытталған;
2) әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттеріне, құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне көз жеткізуге, жемқорлықтың қоғам үшін қауіптілігін түсінуіне бағытталған;
3) эстетикалық тәрбие мектеп оқушыларының эстетикалық ұнатынымы мен қоршаған болмысқа тілектестік және отан сүйгіштік қатынас қалыптастыруға жағдай жасайтын өнер туындыларының, әдебиеттің көркемдігін түсінушілігін дамытуға бағытталған.
3.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
5. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жалпы білім беретін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу ұйымдарында (бұдан әрі - жалпы білім беретін мектептер) жүзеге асырылады.
6. Тәрбие жұмысына басшылық жасау жалпы білім беретін мектептің басшылығы мен сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлерге жүктеледі.
7. Жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыруға, білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.
8. Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылады.
9. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:
1) жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспары;
2) сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкердің тәрбие жұмыс жоспары;
3) «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары
болып табылады.
10. Осы бағдарламаның 9-тармағында көрсетілген жоспарлар Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қалыптастырылады (қоса тіркелген).
11. Жоспарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстың, күнтізбелік іс-шаралар өткізудің, қоғамдық ұйымдармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттары көрсетілген.
12. Тәрбие жұмысын жүргізуде азаматтар, қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеттері, қоғамдық бірлестіктер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар қатыса алады.
4. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары
13. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
14. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.
15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқаулары мен іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады.
17. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.