Коммунальное  государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Симферопольское отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша білім бөлімі Симферополь ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған тілдер онкүндігі бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп

30.09.2020

Симферополь орта мектебінде 7-18 қыркүйек аралығында  Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған  «Мәңгілік ел -Мәңгілік тіл» атты тілдер онкүндігі  өтті.  Бұл онкүндікте іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тіліндерінде өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты.

 7 қыркүйек күні тілдер онкүндігі салтанатты ашылуына орай челлендж откізілді.  Челленджға әр сыныптың 1 оқушысы қатысып,  Абайдың өлеңін жатқа айтты.

7 қыркүйек күні «Ахмет  Байтұрсынұлы қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты ашық сабақ 10-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Серикова Зайгүл Овцеводқызының ұйымдастыруымен өткізілді. Сабақ барысында Ахмет Байтұрсыновтың өміріндегі деректер арқылы, шығармалары арқылы қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына қосқан еңбектері танылды. Оқушылардың дайындаған қысқаша баяндамалары оқылып, талқыланды. Әр оқушы Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал»,  «Маса» жинақтарынан өз таңдауы бойынша бір-бір өлең жолдарын жатқа айтты. Сабақ сонында шығармашылық тапсырма ретінде оқушылар латін қарпін қолдана отырып Ахмет Байтұрсынұлына хат жазды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

8 қыркүйек  ағылшын тілі мұғалімі Бркенова Гульнара Кадырбековна 10А сыныпта «Әл-Фараби-Шығыстың ғұлама ғалымы» атты ағылшын тілінен сабақ өткізді.  Сабақта оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту мақсатында интербелсенді тақта қолданды. Оқушылар сабақта Әл-Фарабидің өмірбаяны туралы  видео көріп, шығармашылығы туралы  ой бөлісті. Сабақтың соңында окушылар «Al-Farabi-eastern scientists» тақырыбында постер қорғады.

9 қыркүйек 11А сынып оқушылары Тілдер онкүндігіне байланысты орыс тілі мұғалімі Хасенова Бақыт Даулетбаевнаның ұйымдастыруыменен   «Тіл-тірегіміз, соғып түрған жүрегіміз» атты эссе жазды.  Оқушылар эссе жазу барысында тілге деген өз ой түйгендерін қағаз бетіне түсіріп нақты да, дәл жеткізе білді.

Сонымен қатар мектебімізде тіл мерекесіне арналып, мектеп кітапханашысы Жусупбекова Алмагуль Кайдаровнаның жетекшілігімен, «Ұлылардың ұлысы-Абай»  кітап көрме ұйымдастырылды. Бұл көрменің негізгі мақсаты-болашақ жас ұрпақтың дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой-өрісінің биік болуына байланысты өткізілді.

10 қыркүйек А.Құнанбаевтың табиғат тақырыбындағы шығармалары аясында «Табиғат-ғажап әлемі» атты сурет көрмесін бастауыш сынып мұғалімдері сәтті ұйымдастырды. Оқушылар өз ой-қиялдарын сурет арқылы жеткізе білді.

14 қыркүйек қазақ тілі мұғалімі Омарова Гульнара Негметовна 10Б сынып оқушыларыменен «Латын графикасына көшу-заман талабы» тақырыбында   «Газет радакциясының отырысы» аттты сыныптан тыс іс-шараны іскерлік ойын түрінде  өткізді. Қатысушылар газет редакциясының бөлімшелері болып топтарға бөлінеді. Газет редакциясының мақсаты -латын жазуына көшу туралы газет шығару. Әр топ өздері дайындаған материалдарды қорғайды. Орыс тілінде оқитын оқушылар өздерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсете білді. 

15 қыркүйек  қазақ тілі мұғалімі Омарова Айгуль Овцеводовна «Ұшқыр ой мен шешен тіл » атты  зияткерлік сайыс өткізді.  7-сынып оқушылары 3 топ болып тапсырмалар орындады. Сабақтың мақсаты: оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту. Сайыс 5 айналымнан тұрады: 1)Ұшқыр ой 2) Құпия сандық 3) Ойлан, тап 4) Айшықты сөздер 5) Сиқырлы сандық. Оқушылар  сабаққа белсене ат салысты, өз ойларын еркін түрде жеткізе білді. Ашық сабақ соңында жеңімпаздар анықталды. 1 орынды «Балдәурен» тобы иеленді.

16 кыркүйек күні орыс тілі мұғалімі Гордеева Светлана Адольфовна« Конституция келешек кепілі » сынып сағатын  өткізді. Ақпараттық сағаттын мақсаты  Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.

17 қыркүйек күні қазақ тілі мұғалімі Серикова Зайгуль Овцеводовна 9А сынып оқушыларыменен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай латын кәрпінде «Ардагерге хат»  диктантын ұйымдастырды. Мақсаты: жас жеткіншектердің бойында патриоттық тәрбие қалыптастыру,  үлкенге ізет көрсету.

Он күн бойы оқушылар да,  мұғалімдер де  тіл мен шығармашылық әлеміне  қызықты, әрі танымды саяхаттың   куәгерлері және белсенді қатысушылары болды. Онкүндіктің жабылуы шеңберінде салтанатты жиын өткізіліп,  қорытынды жасалды, белсене қатысқан оқушыларға  мақтау қағаздары грамоталар табысталды.

Гуманитарлық бағыттағы әдіс бірлестігінің жетекшісі: Бркенова Г.К.

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст