Симферополь орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған іс-шараның өткізілуі туралы есеп
5 наурыз күні Симферополь орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары үшін «Ана – барлық көркемдіктің белгісі» атты 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілік өтсе, жоғарғы сынып оқушылары үшін «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік іс-шара өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мерекеге мектеп ұжымы, ата-аналар және Симферополь ауылдық округінің әкімі – Абуталипов Жадай Абайұлы қатысты. Ауыл әкімі Абуталипов Жадай Абайұлы аяулы әйелдер мен қыздарды келе жатқан мерекесімен құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде ауыл әкімі нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін атап өтті, қатысушыларға алғыс білдіріп, оқушылардың өнерін жоғары бағалады. Мерекелік іс-шара айрықша көңілді өтті.
Оқушылар ән айтып, би билеп және сахналық қойылымдарды да көрсетті. Мерекелік іс-шара көңілді, әрі есте қалатындай өтті.