отбасы күнін өткізу;
Мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру.
Аталған мақсатқа сай іс-шаралар жүргізілуде. Оқу жылының басында көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының тізімі құрастырылды. Ағымдағы оқу жылында мектеп бойынша «сәтсіз» отбасылар тіркелген жоқ.
Қыркүйек айында «Отбасы – бақыт мекені» атты отбасы апталығы өткізілді. Осы орайда «Мен және менің отбасым» және «Отбасы - бақыт мекені», «Отбасы және отбасы құндылықтары» тақырыптарында тәрбие сағаты өткізілді. Сонымен қоса, «Мен және менің отбасым» тақырыбында 1-4 сынып аралығында фотоколлаж жасаудан жарыс өтті. Ал 5-11 сынып аралығындағы оқушылар үшін «Мен және менің отбасым» тақырыбында видеоролик түсіруден жарыс өтті.
Мектеп психологі Ташенова К.А. «1 сынып оқушыларының мектепке бейімделуі тақырыбында әңгіме өткізді.
Мектепте жеті адамнан тұратын қамқоршылар кеңесі құрылды. Кеңсе төрағасы – ауылдық округінің әкімі Абуталипов Ж.А. Кеңес құрамына жеке кәсіпкерлер. Шаруашылық қожаларының жетекшілері мен ата-аналар қоғамының өкілдері енді