Мақсаты:салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.
2 қыркүйек – 6 қыркүйек аралығында Симферополь орта мектебінде «Денсаулық аптасы» акциясы өткізілді. Апта ішінде келесі іс-шаралар жүргізілді:
Бірінші аралда оқушылар әріптерден денсаулық тақырыбына байланысты мақал құрастырса, екінші аралда «Біздің отбасымызда Спорт» тақырыбында суреттер салды. Ал үшінші аралда дәрігер Айболиттің сұрақтарына жауап берсе, төртінші аралда «Денсаулық сұлулығы – қимыл- қозғлыста» тақырыбында флеш-моб биледі. Бесінші аралда оқушылар арасында «Арқан тартыс», «Дартс», «Автоматты бөлшек
теу және жинау» атты түрлі жарыс ойындары өткізіліп, оқушыларға спортқа қатысты викториналық сұрақтар қойылды.
29 қазан күніСимферополь орта мектебінде ішімдіктен бас тарту күні аталып өтті.Шара барысында мектептің санитарлық бекеті «Что с разумом не ладит?» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында есепті ішетін адам тез шығарама, ішпейтін адам тез шығара ма деген сұраққа жауап берді. Аталған тақырыпқа ескертпе плакаттар шығарылып, мектеп дәлізіне ілінді.
1-5 желтоқсан аралығында Симферополь орта мектебінде ЖҚТБ ауруының алдын алу апталығы өткізілді. Апталық ішінде бірқатар іс-шаралар жүргізілді.
Мектеп медбикесі Тыртышная С.В. ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы диктант өткізді.
1-жартыжылдық ішінде шахмат, дойбы, үстел теннисі мен баскетбол бойынша сайыстар өтті.
Мектеп медбикесі ішек ауруларының , құрт ауруларының алдын алу бойынша әңгімелер өткізіп, ЖРВИ-дің алдын алу бойынша санбюллетень шығарды.