Текст
Бүгін Ауғанстаннан әскерлердің шығарылған күні – барлық қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерді аза тұту және еске алу күні және Ауғанстан ардагерлеріне арналған мереке. 1989 жылы 15 ақпанда соңғы кеңес әскерлері Ауғанстан мемлекінен шықты. Осылайша КСРО 15 мыңнан астам азаматынан айырылған 10 жылға созылған соғыс аяқталды. Бұл мереке ресми мәртебе алған жоқ, өйткені Кеңес өкіметі сол соғысты оңай еске түсірмеді. Бірақ бүгінде барлық Қазақстандықтар мен ТМД азаматтары Ауғанстан ардагерлеріне сый - құрметпен қарайды. Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алу үшін Қазақстанда және бұрынғы КСРО-ның басқа елдерінде мемориалдық кешендер құрылды. 15 ақпанда үлкенді-кішілі қалалардағы бастамашыл ардагерлер митингтер ұйымдастырады