Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру.
Осы бағыт бойынша тимуршылар жасағының жұмысы жүргізілді. Балалар жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге үйдің маңын тазартуға, су әкеліп, отын, көмірді үйіп көмектесті. Қыз балалар зейнеткерлердің үйін жинап, терезелерін сүртіп, қолдарынан келген көмекті жасады.
Ұлттық валюта күніне орай мектеп кітапханашысы Жусупбекова А.Қ. «Теңге – Тәуелсіздік нышаны» тақырыбында әңгіме өткізді .
Жаңа жыл қарсаңында мектеп ауласында хоккей ойнайтын корт құйылды.
Мектеп ауласында «Ертегілер әлемі» атты қар қалашығы тұрғызылды. Мектеп маңында қардан жеті ескерткіш салынды. Қар қалашығына өз үлестерін қосқан оқушыларды ауыл әкімі марапаттады.