Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету.
Осы бағыт бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді. 20 қазан күні әскери –патриоттық тәрбие бойынша АӘД мұғалімі Тыртышный А.В. «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынның I –кезеңін өткізді. Жасұландықтар қатарына 5 – сынып оқушылары қабылданды.
«Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушыларға Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жобалары туралы түсінік берілді. Бағдарламаның мақсаттары түсіндірілді.
Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарына белсенді, үлгілі оқушылар қабылданды.
5-6 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серикова З.О. «Мәңгілік ел: бір ел,бір тағдыр» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты барысында Тәуелсіз Қазақстанның 28 жылдың ішіндегі жетістіктері туралы сөз қозғалды.