9 мамыр - қасиетті де қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күні. Аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке күн. Бұл – аға буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еңселі еңбегінің жемісі.
Жеңіс күніне орай біздің мектебіміздің ұжымы ескерткіш маңында салтанатты жиын ұйымдастырды. Салтанатты жиынға «Нұр Отан» партиясының Зеренді аудандық филиалы төрағасының орынбасары Таласбаева Әлия Аманжолқызы қатысып, тыл ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, оларға ауыр күндердегі адал еңбектері бен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс білдірді.
5-6 сынып оқушылары дайындаған әдеби монтаждан кейін мектеп түлектері ескерткіш маңына гүл шоғын қойды. Содан соң Ұлы Отан соғысында құрбан болған жерлестірмізді еске алуға арналған бір минут үнсіздік жарияланды.
Салтанаттты саптүзеуден кейін ауылдық мәдениет үйінде концерт ұйымдастырылды.