Коммунальное  государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Симферопольское отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша білім бөлімі Симферополь ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Соңғы қоңырау

19.06.2017

Симферополь орта мектебінде 25 мамыр «Соңғы қоңырау» аталып өтті. Басталуы сағат 11.00-де болды. Салтанатты жиынға оқушылардың, түлектердің ата-аналары, туыстары келді. Біздің басты қонағымыз «Нұр Отан» партиясының депутаты Таласбаева Алия Аманжолқызы келіп, оқушыларды оқу жылының

аяқталуымен, ал түлектерді мектепті аяқтауымен құттықтап, ҰБТ-ға баратындарға сәттілік тіледі. Салтанатты жиын әрине ҚР-ның әнұраны орындалып, мектеп директоры Искаков.Б.М-ның сөз сөйлеуімен басталды.

11 сынып түлектері салтанатты түрде аталып шақырылды. Оқушыларға үздік оқығаны, жақсы оқығаны үшін грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді. Түлектердің алғашқы ұстаздарына, сынып жетекшілеріне құттықтау сөз берілді. Соңында түлектер өлең жолдарымен әр пән мұғалімдерін құттықтап, вальс биін биледі. Осымен мектеп түлектерін шығарып салып, салтанатты жиын аяқталды.

Просмотров: 493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст