Жыл сайын 5 қазан күні 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Мұғалімдер күнінің тағайындалуына 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция тарихи негіз салып, нәтижесінде ЮНЕСКО мен халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» құжатына қол қойған болатын. Ал Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Украина мұғалімдер күнін қазанның алғашқы жексенбісінде тойлайды. Симферополь орта мектебінде жұма күні ұстаздар мерекесіне орай, мерекелік кеш атап өтілді. Бұл күні мектепшілік өзін-өзі басқару күні болды.
Мектептің 11-сынып оқушылары ұстаздардың орнына ұстаз болып. Өздерінің осы кезге дейінгі алған білімдерін ұстаздарға сабақ беру барысында дәлелдеді. Оқушылар өздерінің бар өнерлерін салып ұстаздарға арнап мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекелік кеште жас мамандарға арнап сұрақ жауаптар әртүрлі ойындар ойнатылды.
Ұстаз – киелі ұғым. Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те, ақылдылық та, мейірімділік те, зерделік те жатыр. Ол мамандық иесінің тұлғалық қасиеті де алған атағында емес, оқушының сапалы білімі мен саналы тәрбиесімен өлшенетіні анық. Сол себепті де жылына бір келетін осындай айтулы күні ұстаз атаулыға
құрмет көрсетілді. Мерекеге қатысушы ұстаздар бұл күні мерейлене түсті Ендеше, ел игілігі үшін еңбектеніп, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздардың ғұмыры қуаныш пен шаттыққа толы болсын демекпіз.