Есеп : Әкелер мектебі
Симферополь ауылының ЖОББ мектебінің жанындағы «Аяжан» шағын балалар орталығының өткізілген іс шаралар есебі:
Тақырыбы: «Әке – шаңырақтың тірегі»
Мақсаты: баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелеріне әкелерді тарту, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының күш - жігерін біріктіру. Ұлттық құндылықтарды, ұлттық ойындарды жетілдіру.
Міндеттері: Әкенің беделін көтеру және оның отбасында балаларды тәрбиелеуде ықпалын арттыру,
Балаларды жан-жақты дамыту процесінде әкелер мен педагогтердің өзара әрекетін ықпалдастыру;
Әкелерді балалармен бірге түрлі әрекеттерді ұйымдастыруға және бірлесіп өткізуге тарту.
Қатысқандар: 7 ата-ана, 25 тәрбиеленушілер, 4 тәрбиеші, 2тәрбиеші-көмекшісі
Арқан тарту
Ұлттық «Арқан тарту » ойынында әкелер күш сынасты, балаларда ойынға қызыға кірісті. Әке де бала да белсенділік танытты.
Қол күресі
«Қол күрес» ойынында білектің мықтылығына сынасты.
Теңге алу
Ұлттық нақышта өткен іс-шаралар «Теңге алу» ойыны жоғары деңгейде өтті. Ұлттық салт-дәстүрімізді болашақ ұрпақ ұмытпауы тиіс, сондықтан осындай іс-шараларды өрбітіп өту керек.
«Бес асық» ойыны
Ұлттық ойын: «Әке балаға сыншы» демекші әке мен бала арасында ұлттық нақышқа байланысты жарыс өтті. Ежелден келе жатқан «Асық ату ойыны» ойыны ойналды. Ең алдымен әкелер жарысты, содан кейін балалар ойнады. Ойынға деген қызығушылықтары артты.
Іс-шараның үлкен ақсақалы бата берді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Орындаған тәрбиешілер: ШариповаА, Оразалина С,
Мазбаева М, Кизатова З.